Сертификаттаудан қалай өтуге болады?
Қазақстан Республикасы PR-мамандарының кәсіби сертификаттауы
НАСО РК кәсіби стандарты мен коммуникация саласындағы халықаралық тәжірибелер негізінде кәсіби біліктілікті растау.
Сертификаттаудан өту Жұмыс тәжірибесі: (0–3 жыл)
Рөлі: кіші маман, орындаушы
Жауапкершілігі:
• жеке PR-міндеттерді орындау;
• контент пен коммуникациялық материалдарды дайындау;
• менеджердің жетекшілігімен жобаларға қатысу.
Сертификат: PR Specialist — Foundation (жарамдылық мерзімі – 3 жыл, ұзарту тәжірибелік қызметті растау немесе біліктілікті жаңарту модульдерінен өту арқылы жүзеге асырылады).
Өтінім беру Жұмыс тәжірибесі: (3–10 жыл)
Рөлі: жетекші маман, PR-жобалар менеджері
Жауапкершілігі:
• PR-стратегияларды әзірлеу және іске асыру;
• репутациялық тәуекелдерді басқару;
• мүдделі тараптармен (stakeholders) өзара қарым-қатынас;
• жобалар мен командаларды басқару.
Сертификат: PR Expert (жарамдылық мерзімі – 3 жыл, тәжірибелік қызметті растау немесе біліктілікті жаңарту модульдерінен өту арқылы ұзарту жүзеге асырылады).
Өтінім беру Жұмыс тәжірибесі: 10 жылдан жоғары
Рөлі: Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма мүшесі, CEO орынбасары, коммуникация жөніндегі бас директор, PR-директор, коммуникация жетекшісі
Жауапкершілігі:
• коммуникацияны стратегиялық басқару;
• корпоративтік және қоғамдық күн тәртібіне ықпал ету;
• жоғары басшылыққа кеңес беру;
• кәсіби саланы дамыту.
Сертификат: PR Industry Leader (кәсіби этика талаптары сақталған жағдайда мерзімсіз беріледі).
Өтінім беру